«Қызылордалықтар таңдауы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

52

0

«Қызылордалықтар таңдауы» байқауының жеңімпаздары марапатталдыҚызылордада қала күні мерекесі аясында «Мерей, мәртебем – Қызылорда!» атты салтанатты шара өткізілді.

Шара барысында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барша қызылордалықтарды мерекемен құттықтады. «Ардақты ағайын! Ұлт Көшбасшысының «Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», – деген қанатты қағидатын басшылыққа ала отырып, биыл қалада алғашқы рет «Қызылордалықтар таңдауы» атты байқау ұйымдастырылды», -деді қала әкімі.

Байқаудың мақсаты – адал еңбек пен маңдай терінің, кәсіби біліктілігінің арқасында халыққа жоғары деңгейде қызмет етіп жүрген, қарапайым халықтың көңілінен шыққан мамандық иелерін тауып, оны барша тұрғындарға таныту.

Жергілікті телеарналар арқылы жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесінде бір апта көлемінде қала тұрғындары әр саланың үздіктерін анықтады.

Нұрлыбек Нәлібаев «бүгінгі салтанатты шарада өз ісінің майталмандарын марапаттау мен үшін үлкен мәртебе», – дей келе, сала үздіктерін марапаттады.

Айта кету керек, «Қала күні» қарсаңында Қызылордада мамандардың кәсіби шеберліктерін шыңдау, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халыққа қызмет көрсететін мамандықтардың мәртебесін көтеру, сала мамандарының бастамалары мен шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында «Қызылордалықтар таңдауы» атты байқау өткізілді. Байқау барысында 15 аталым бойынша әр номинацияға үш үміткерден 36 қала тұрғыны мен 9 мекеме қызылордалықтардың таңдауына ұсынылып, бақ сынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз