ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТАЗА АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

47

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТАЗА АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛМАҚҚызылордалықтар тұтынатын судың 40%-ы Сыр өзенінен алынады. Қалған
қажетті мөлшер жерасты көздері есебінен толықтырылады, деп хабарлайды
24.kz.
    Дәрия суын тұндырып, тазартып, ішуге жарамды ету үшін де біраз күш
салу керек. Осы ретте қала халқын таза ауызсумен қамту мақсатында жер
қыртысының терең қабатынан су тартатын ұңғымалар санын арттыру қолға
алынуда. Бүгінгі таңда тіршілік нәрін тұрғындарға жеткізетін 22 ұңғыма
бұрғыланып жатыр. Сонымен қатар 5 тоған, 4 су жинау қоймасы мен жоғарыға
су тартатын 2 бекет жаңғыртылуда. Жалпы осы бағыттағы жұмыстардың
орындалуына 3 жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Құрылыс және
жөндеу жұмыстары аяқталған кезде шаһардың бірнеше ықшам аудандарына
сапалы ауызсу жеткізіліп, жерасты суымен қамту үлесі 78%-ға артады.
    – Біз Еуропалық қайта құру және даму банкімен келісімге келу арқылы
қаланың талапқа сай гидромоделін қалыптастыруды қолға алдық. Еуропалық
қаржы ұйымы көмегімен жерасты және жерүсті су құбырларының жарылуын, қай
бағытта қысым төмен екендігін және су тартқыш сорғылардың істен
шыққанын дәл табатын автоматты жаңа жүйе орнатылады. Ол арқылы біз ең
алдымен апатты жағдайлардың алдын аламыз және су ысырабын жоямыз, – деді
өз сөзінде «Қызылорда су жүйесі» МКК директоры Нұржан Диқанбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз