Қызылордалықтар жылу маусымын сәтті өткізді

45

0

Қызылордалықтар жылу маусымын сәтті өткіздіҚызылорда. 2013-2014 жылғы қысқы жылу маусымы 15 сәуір күні  аяқталды. Бұл жөнінде қала әкімінің кеңесшісі Роза Боханова мен «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі директорының орынбасары наурыз Сатханов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
Айта кету керек, биыл Қызылорда қаласында қыс ұзақ әрі, салқын болды. Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәменнің хабарлауынша, жылу энергиясын  өндіру, тасымалдау қала тұрғындары мен  басқада тұтынушыларға толығымен  сапалы жеткізілді. Сыртқы ауаның  температурасына сәйкес жасалған  кесте бойынша, жылу ауытқусыз  берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылда барлық негізгі және қосалқы қондырғылар, қысқы мерзімге дұрыс дайындалғанын, жылу саласындағы  барлық  мамандардың өз жұмыстарына уақытпен  санаспай жауапты қарағандығын көрсетеді.
Жылу тоқтаған бүгінгі күннен барлық  тұтынушылар жылу  құбырынан ажыратылып температуралық сынаққа дайындалады. Температуралық сынақтан соң жоғарғы  қысыммен P-16кгс/см2  де сынақ  өткізіледі. Осы сынақтардан шыққан ақаулар жазғы жөндеу жұмыстарының іс шарасына  кіргізіледі. Қазір қалада 2014-2015 жылу маусымына дайындық шаралары басталып кетті. Ендігі кезекте тұрғындар тарапынан жылуға қарыздарын төлеп, алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын осы кезден бастап жүргізу қажет. Бұл ретте тиісті мекеме басшылары барлық ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсететін болады.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз