Қызылордалықтардың жалпы саны 757,3 мың адамды құрады

40

0

Қызылордалықтардың жалпы саны 757,3 мың адамды құрады2015 жылдың  1 маусымына  қызылордалықтардың жалпы саны (алдын-ала
деректер бойынша) – 757,3  мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы –
327,9 мың, ауыл халқы – 429,4 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне 
43,3%, ауылдықтар үлесіне – 56,7% тиесілі. 2015 жылдың қаңтар-мамыр
айында облыста туылғандар саны 7664 адамды құрады, бұл 2014 жылдың  осы
кезеңімен  салыстырғанда  499 адамға азайды. Жалпы халықтың туу
коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 26,42-ден 24,43-не азайған. Бұл
туралы kyzylorda-stat.kz хабарлайды.
    2015 жылдың қаңтар-мамыр айында облыста  өлім көрсеткіші 1809
адамды  құрап, 130  адамға азайды (2014 жылдың қаңтар-мамыр айында  1939
адам), ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға
шаққанда 6,28-ден 5,77-ге азайған. Тұрғындар арасындағы өлім
себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы
жүйесінің аурулары алады (25,8%).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз