Қызылорданың Ақтөбедегі мәдениет күндері мәресіне жетті

52

0

Қызылорданың Ақтөбедегі мәдениет күндері мәресіне жеттіАқтөбе облысындағы Қызылорда облысының өнері мен мәдениет күндері аяқталды. «Сыр – Алаштың анасы» тақырыбында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Сыр елі өнер күндерінің гала-концерті өтті.

Бұл кешке Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, «Томирис» би ансамблі, қазақ эстрадасы жұлдыздары Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Гүлхан Сіргебаева, Дәулет Болатбаев, жыршылар – «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Руслан Ахметов, Майра Сәрсенбаева, Шолпан Бимбетова, Кунсұлу Түрікпен, Нұртілек Ахтаев, Әзілхан Мақсатбаев қатысты. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәдени шара барысында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова және Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова өнер майталмандарына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді. 11 қараша күні өткен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда «Сәлем Сырдың елінен» атты Қызылорда облыстық филармониясының концертінде Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі, Сыр елінің жыраулық мектептерінің өкілдері өнерлерін ақтөбелік ағайындарға паш етті.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының өнер күндері аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында жинақталған этнографиялық, археологиялық және өлке тарихына байланысты жәдігерлерден «Шежірелі Сыр елі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, жұртшылық назарына ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз