Қызылорданың қауындары өзге аймақтарға шығарылмайды

50

0

Қызылорданың қауындары өзге аймақтарға шығарылмайдыОсымен алтыншы жыл қатарынан қауынға түскен құрттың салдарынан қызылордалық диқандардың қауындары Қазақстанның өзге аймақтарына уақытша шығарылмайды.
Осы уақыттан бері облыста зиянкестің көзін жою мақсатында бірқатар шаралар жүргізіліп, біраз ақша жұмсалды. Алайда, қауынға түсетін құрттың толықтай көзін жою мүмкін болмай отыр.
Биыл Қызылорда облысында аталған зиянкестермен күресу үшін қазынадан 19 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражатқа екі мыңнан астам гектар алқап көктем мен жазда екі рет дәріленген.
  Нәтижесінде диқандар 18 мың гектардан қауын мен қарбыз жинап алды. Қауынға сұраныс көп болғандықтан осы өнімді жылдағыдай көбірек ектік дейді олар. Қазір тек қысқа сақтайтын қауын түрлері ғана өсіп тұр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз