Қызылорданы көгалдандыруға мән берілуде

107

0

Қызылорданы көгалдандыруға мән берілудеБиыл Қызылорда қаласында 46 сквер, аллея көгалдандырылуда. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев депутаттар алдында берген есебінде айтты.
Қазір қалада 16000 түп ағаш көшеттері, 97 мың шаршы метрге 46 аллея, сквер, көшелер мен көше айрықтарына, айналма жолдарға гүлдер мен газондар отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Қаланың экологиялық қауіпсіздігін жетілдіру бағытында «Жасыл белдеу» жобасы жалғастырылуда. Жоба аясында 131 гектар жерге 135 мың түп ағаш отырғызылды.
Қосымша «Қызылорда-Шымкент» бағытында жалпы көлемі 23,5 гектар жерге 11 мың түп ағаш егу үшін облыстық бюджеттен 604 млн.теңге, «Әуежай-Қызылорда» бағытында жалпы көлемі 4 гектар жерге 4,5 мың түп ағаш егу үшін 160 млн.теңге бөлінді. Тұңғыш Президент паркін көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жалғастырылуда. Облыстық бюджеттен бөлінген 75 млн.теңгеге 10 мың түп ағаш, 17 мың шаршы метр жерге гүл егілді.