Қызылорданың күріші елордаға жеткізіледі

53

0

Қызылорданың күріші елордаға жеткізіледіДемалыс күндері Қызылорда облысынан Астанаға күріш жеткізіле
бастайды. «Думан» ОО, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион (Кенесары көшесі,
14) және Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының жанындағы
тұрақтарда өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 1 кг үшін 175 теңгеден
20 тонна күріш сатылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.

Елордада
әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын ұстап қалу бойынша жүргізілетін
шаралар аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин және
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов өзара
ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Еске салайық, ауыл шаруашылық жәрмеңкелері «Думан» ОО, Қ. Мұңайтпасов
атындағы стадион (Кенесары көшесі, 14) және Б. Момышұлы даңғылындағы
Оқушылар сарайының жанындағы тұрақтарда, Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 38
«Дастан» СҮ, №188 көше 14 үй және Пригородный тұрғын алабында күн сайын
өткізілетін болады. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің аулаларында
әлеуметтік маңызды тауарлар сатуға арналған 50 орын жасалады.

Мұнымен қоса, 30-31 шілдеде Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар
сарайының тұрағында Алматы облысы тауарөндірушілерінің қатысуымен
аймақтық жәрмеңке өтеді. Жәрмеңке барысында 324 тонна өнім: тауық еті,
балық, сүт пен көкөніс, бал және т.б. өнімдер төмен бағамен сатылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз