Қызылорданың «Zenit» командасы УЕФА чемпиондар лигасына жолдама алды

54

0

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында шағын футболдан әуесқойлар арасында ҚР V чемпионаты өтті. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 20 команда, 300 спортшы шеберлік байқасты деп хабарлайды Қазақпарат.
Ел чемпионатына Қызылорда облысынан «Zenit» және «Капстрой» футбол командалары қатысты.  Соның ішінде «Zenit» командасы 3-орынды иеленіп, келесі жылы Сербияда өтетін УЕФА чемпиондар лигасына жолдама алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
«Zenit» футбол командасы 2015 жылы құрылды. Команда жетекшісі – Руслан Тоғызбаев. Команда ҚР чемпионаттарында бірнеше мәрте өнер көрсетті.  Айта кетейік, бұл – команданың алғашқы жетістігі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз