Қызылорданың жасыл белдеуі 135 мың түп ағашпен толықты

46

0

Қызылорданың жасыл белдеуі 135 мың түп ағашпен толықтыҚызылорданың айналасындағы жасыл белдеу 135 мың түп ағашпен толығып отыр, деп хабарлайды BNews.kz
Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәменнің айтуынша, облыс орталығын шаңды дауыл мен құмнан қорғау мақсатында 130 гектардан астам жерге терек, тал мен қара ағаш көшеттері отырғызылды. 
«Қызылорда – Шымкент тасжолының жағасына көктемде ағаштар отырғызылды. Биыл 160 млн теңге жұмсалып отырған жасыл белдеу шаһарға пайдасын тигізіп қана қоймай, өңірді көрікті ете түспек, жайқалған жас көшеттер қазірдің өзінде көздің жауын алады», – дейді Балдырған Мәмен. 
Қызылорданың өзінде де биыл көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр екен. 16 мың көшет отырғызылып, 46 гүл бағы мен аллея абаттандырылыпты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз