Қызылорданың жеңіл өнеркәсібінде өсім бар

50

0

Қызылорданың жеңіл өнеркәсібінде өсім барҚызылорда қаласында жеңіл және тамақ өнеркәсібінде өсім бар. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімдігінде өткен мәжілісте хабарлады. 
Қызылорда қаласы бүгінде әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру арқылы қарқынды дами отырып, аймақ экономикасының барлық салаларындағы өзгерістердің «локомотивіне» айналуда. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен есепті мерзімнің 4 айында 385 млрд.теңгенің өнімдері өндірілді. Облыста өндірілетін өнімнің 93,7 пайызы,  салынған құрылыс нысандарының үштен екісі Қызылорда қаласының үлесінде. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 7 млрд. 624 млн.теңгені құрап жеңіл өнеркәсіпте тоқыма бұйымдарын өндіру 19 пайызға, тамақ өнеркәсібінде сүт өнімдері 9,5 пайызға, нан өнімдері 40 пайызға артты.  
«Үстіміздегі жылдың 4 айында меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен негізгі капиталға салынған қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға өсіп, 43 млрд. 400 млн.теңгені құрады. Бұл облысқа салынған инвестицияның 76,4 пайызы» деп хабарлайды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз