Қызығы көп көрме

72

0

Қызығы көп көрмеОрталық коммуникациялар қызметінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде өткізілетін шараларға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Брифингке «Астана ЭКСПО-2017»  АҚ  шараларды ұйымдастыру және контент департаментінің директоры Марат Омаров, канадалық CIRQUE DU SOLEIL® павильоны жобасының директоры  Бернар Пурье мен  «Reflekt» шоуының режиссері  Фернан Рейнвиль қатысып, өздерінің жоба-жоспарларымен таныстырды. 
–Биылғы көрмеге 45 DEGREES компаниясының өкілдері келеді. Олар ЭКСПО кезінде халықтың назарына ойын-сауық бағдарларламаларын ұсынады. Бұл компания дүние жүзіне кеңінен танылған CIRQUE DU SOLEIL® тобына кіреді. Америкалық қонақтар 16 маусым мен 10 қыркүйек аралығында 71 қойылым көрсетуді жоспарлап отыр. Олардың бәрі өздерінің павильонында болады, – деді М.Омаров.
Ал канадалық мамандардың  айтуынша,  CIRQUE DU SOLEIL®  павильонында 2 000-нан астам адам емін-еркін қойылымдарды тамашалай алады. Әрбір шараның бағасы 4 000 теңге көлемінде болады. 
–Біздің компания 1984 жылы құрылған. Сол кезде көшеде өнер көрсетіп жүрдік.  Кейін CIRQUE DU SOLEIL® тобына басқа да әртістер келіп, қатарымыз толықты.  Қазір біздің ұжымда 50 елден 4 000-ға жуық адам қызмет етеді. 1 300 әртісіміз бар. Осы кезге дейін бірнеше рет жер-жүзін айналып, 60 елде өнер көрсеттік. 400 қалада болдық. Біздің көрермендеріміз саны 160 миллионға жетті, – дейді «Reflekt» шоуының режиссері  Фернан Рейнвиль.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз