Өзі тұрған шаңыраққа 43 жылдан кейін келді

40

0

Өзі тұрған шаңыраққа 43 жылдан кейін келді Қармақшы. Елімізге белгілі кардиохирург, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» акционерлік қоғамының жетекшісі, Қазақстанның Еңбек ері Юрий Пя Қызылорда облысына келген сапарында ата-анасы тұрған шаңыраққа ат басын бұрды. Ол кісінің ата-анасы сонау бір жылдарда Қармақшы ауданындағы ІІІ Интернационал ауылында еңбек еткен еді. 
 Отбасылық жағдаймен олар кейіннен басқа жаққа көшеді. Атақты кардиохирург балалық шағында аталмыш елді мекеннің топырағында асыр салып ойнаған-ды. Дегенмен ұзақ жылдар бойы жұмыс бабымен сыртта жүрген оған 43 жыл бойы осы ауылға келудің сәті түспеген екен. Сол баспананы көргенде Юрий Пя «Мен қатты толқып тұрмын. Бұл үйде менің ата-әжем тұрды. Ата-анам да мекен етті. Сондықтан мен үшін өте ыстық. Осындай жылы рәуішті жүздесу жасағаны үшін облыс басшылығына ризашылық білдіргім келеді» деді ағынан жарылып.

 

Өзі тұрған шаңыраққа 43 жылдан кейін келді

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз