«Өз үйім» бағдарламасына құжат қабылдана бастады

62

0

«Өз үйім» бағдарламасына құжат қабылдана бастады«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» бағдарламасына өтінім қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беретінін хабарлайды, – деп атап өтілген банктің ресми сайтының хабарламасында.
Атап айтқанда, елордада осы бағдарлама бойынша мына нысандарға өтінім қабылданады: Астана қ. «Комсомольский» тұрғын үй алқабы ауданында салынған үй-жайлар, паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй. Мекенжайы: Астана қ. Есіл ауданы, Комсомольский тұрғын үй  алқабы. Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2018 ж. 31.07. Тұрғын үйдің 1 шаршы. м. құны:   «таза» әрлеумен 240 000 теңге. Жайлылық сыныбы: IV Пәтер саны: 445 1-бөлмелі пәтер түрі: 178 пәтер, ең жоғарғы аудан 46,45 м2 2-бөлмелі пәтер түрі: 122пәтер, ең жоғарғы аудан – 66,77 м2 3-бөлмелі пәтер түрі: 139 пәтер, ең жоғарғы аудан – 86,1 м2 4-бөлмелі пәтер түрі: 6 пәтер, ең жоғарғы аудан – 101,2 м2 Қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі: 2017 жылғы «15» наурыздан 2017 жылғы «13» сәуірге дейін. Балл есептеу күні (кандидаттарды іріктеу) (Нысанды келіскен жағдайда): 2017 жылғы 14 сәуір. Өтінішті Банк филиалына немесе Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Интернет-банк» бөлімінде беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді. Өтініш тек банк салымшыларынан ғана қабылданады. Бағдарламаға қатысуға өтініш берумен Банк салымшылары Нысанның іске асырылуын келісуге дауыс береді. Нысанды келісу кезінде салымшылар берген өтініштер Бағдарламаға одан әрі қатысу үшін қабылданады. Егер Банкке өтініш қабылдау аяқталған күнге дейін Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың нысанды келісуге жеткілікті өтініш саны берілмеген жағдайда, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады», деп нақтылады банк.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз