Заңды тұлғалар саны артты

40

0

Заңды тұлғалар саны арттыҚызылорда. Үстіміздегі жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда тіркелген заңды тұлғалардың саны 0,3 пайызға артқаны байқалды.
2014 жылғы 1 наурыз айында жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 5752 бірлікті құрады. Оның   5097-і шағын кәсіпорындар болса,  белсенді заңды тұлғалар – 4218, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 3568 бірлікті шамалайды. Ең көп тіркелген заңды тұлғалардың саны көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу қызметіне келеді. Оның үлесі  18,7 пайызды, құрылыс 18,2 пайызды, білім беру 10,0 пайызды маңайлады. Осы үш қызмет түрлерінің жиынтық үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 46,9 пайызын құрайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз