
Қазалылық Тұрсынкүл Есмағанбетова 23 жасында жол апатына түсіп, қос жанарынан айырылған болатын. Қабылдауда қаржылай көмек сұрай келген Тұрсынкүлге Ташкент қаласына барып емделу үшін қолдау көрсетілетін болды. Сондай-ақ, қабылдауда болған Абай ауылының тұрғыны Тоқаева Айдана мен кент тұрғыны мүмкіндігі шектеулі азаматша Алданова Айнагүлдің де мәселелері оң шешімін тапты. Отбасының әлеуметтік жағдайы төмен екендігін жеткізе отырып, тұрақты жұмыс сұраған қос азаматшаның өтініштері қанағаттандырылып, Айдананың жолдасы мен Айнагүлдің баласы жақын күндері тұрақты жұмыспен қамтылатын болды. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, өтініштерінің шешімін дер кезінде табылуына ықпал еткен облыстық мәслихат депутатына тұрғындар алғыстарын білдірді.