Заманға қарай – Заң өзгерді

59

0

Біздің Республикамыз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
елдері арасында сыбайлас жемқорлықа қарсы іс қимылдың заңнамалық базасын және
жүйесін әзірлеуде алдыңғы қатарда
тұрады. Бұған дәлел -1998 жылдың 2 шілдесінде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы» Заңы өзгеріп, қазіргі таңда 01.01.2016ж бастап қолданысқа
енгізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
туралы» Заңы. Онда сыбайлас
жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының
міндеті екендігі атап көрсетілген.

Аталмыш заң
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық
көріністерінен туындайтын қауіп-қатерденеліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты
құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Заңның ең басты принципі – демократиялық негіздерді,
мемлекетті басқарудағы жариялық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен
оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік
қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың
риясыз адалдығы үшін жадайлар жасауға бағытталуы болып табылады. Сыбайлас
жемқорлық елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екендігіне
тоқтала отырып, Елбасы биылда «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» атты өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында «демократиялық
қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие
болады» делінген. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қазақстан
Республикасының әрбір азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ
соларға теңестірілген адамдардың, мекеме қызметкерлерінің лауазымдық
өкілеттігін және соған байланыты мүмкіндіктерін пайдалана отырып жеке өзі
немесе делдалдар арқылы заңда көздермеген мүліктік игіліктер мен
артықшылықтарға жол бермеуге тиіс. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы
тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне
қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда
өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің мүддесінен шығатынымыз
сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір
негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің консититуциялық құқығын қорғауға
міндетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың
құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық
қорғау органдары, «Тура биде туған жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын
айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі
биік 30 мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами
қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Жемқорлықтың үлкен кішісі болмайды. Сондықтан сыбайлас
жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік
қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы болып табылады.
Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін ұдайы таза,
адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтығ сенімін ақтап, қоғамның
тежеусіз дамуына зор үлес қосқан болар еді.

 

 

ҚСжАЕБ-ның

Сырдария
ауданы бойынша

статистигі К.Е.Нұрымов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз