Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

43

0

Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін талқыладыБүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ, белсенді жастар, облысымыздағы сот және құқық қорғау органдарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатыстып, Ұлт жоспары – Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудыӊ 100 нақты қадамындағы заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы тапсырмалардың өңірдегі орындалуын талқылады.
Кеңес отырысын ашқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен жиылғандарды Астана халықаралық әуежайын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен атау жөніндегі тарихи сәтпен құттықтады.
Ол өз сөзінде ширек ғасырдың ішінде елімізді әлемдік деңгейде танытып, бірлігі бекем, экономикасы қуатты мемлекетке айналдырған Елбасының ерен еңбегін тілге тиек етіп, Тәуелсіз мемлекетіміздің әрі Астанамыздың негізін салушы Елбасы есімінің халықаралық әуежайға берілуін заңды құбылыс деп атады.
Сондай-ақ, биылғы жылдың құқықтық және тарихи оқиғалары яғни, Конституциялық реформа және Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, тәуелсіз еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болуы мен бас қаламыздағы «EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуін Елбасы айқындаған «Қазақстан – 2050» бағдарламалық құжаты мен Ұлт жоспары – Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудыӊ 100 нақты қадамында белгіленген стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың айқын көрінісі екенін жеткізді.
Жиын барысында азаматтардыӊ сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамсыз ету бойынша аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған облыстық сотының судьясы Молдабек Ахметов еліміздегі мемлекеттік билік, соның ішінде сот және құқық қорғау органдары арасында жүргізіліп жатқан реформалар олардың өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін ерекше атап өтті.
Облыстық Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Жандос Абсат жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстарды айтты.
Кеңес отырысында үкіметтік емес ұйымдар мен коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдерінің пікірлері тыңдалып айтылған ұсыныс-пікірлер тиісті органдарға жолданатын болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз