«Заңсыз келуші-2017» профилактикалық шарасы көші-қон заңнамасын бұзған 450 шетелдікті анықтады

269

0

«Заңсыз келуші-2017» профилактикалық шарасы көші-қон заңнамасын бұзған 450 шетелдікті анықтадыАғымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы
іс-шараға ОІІД-нің 470 қызметкері жұмылдырылды. Олардан 45 мобильді
топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон
заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік
жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау
мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып
жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік
іс-шаралар жүргізілуде.
Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР
ӘҚБтК-нің 517- бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР
халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 450 шетелдік анықталды.
Сонымен
бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ
адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың
көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 32 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің
519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР
заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның
ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 17 ҚР азаматына
әкімшілік шаралар көрілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігі
(Қоғамдық орында тиісу) бойынша 9 шетел азаматына шара көрілді. 204
шетелдіктің ҚР-да болу мерзімдері қысқартылды. Өзбекстан Республикасының
14 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 393-бабы (ҚР-ның аумағынан
шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау) бойынша қылмыстық істер
қозғалды. 46 азаматы әкімшілік кодекске сәйкес және  4 азамат Азаматтық
тәртіппен республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын
құжаттары жоқ 29 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз