Зауыт жұмысы қайта жаңғырды (видео)

140

0

Зауыт жұмысы қайта жаңғырды (видео)Қызылорда облысындағы химиялық реагент зауыты үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қайта жаңғырып, толық қуатында жұмыс жасай бастады.

Мұнай саласындағы маңызды кәсіпорын отандық нарыққа осыдан 5 жыл бұрын келді. Бастапқыда өндірілген өнім көлемі 5 тонна ғана болса, қазір бұл көрсеткіш 4 есе артқан.
Өндірісті өрге сүйреуде Қобыланды Балымбетовтың да сүбелі үлесі бар. Зауытқа қатардағы жұмысшы болып келген ол, қазір аға оператор қызметін мінсіз атқарып жүр. Алғашқы кезеңдерде қолмен істелген көп жұмысты бүгінде автоматтандырылған қондырғылар атқарады. Өндіріс ошағы биыл да жаңғыртудан өтті. Бұл мақсатқа кәсіпорын 20 миллион теңге қаржы жұмсады.

Қобыланды Балымбетов, химреагент заводының аға операторы
– Компаниямыз жылдан-жылға өсіп келеді. Оның пайдасы барлығымызға тиіп жатыр. Айлық өсіп жатыр, қазіргі таңда жаман емес. Күннен-күнге өндіріс өніп жатыр және оған қоса балалардың жұмысқа деген ынтасы да жақсы.

Мұндай жетілдірілген кешеннің мұнайлы өлке – Сыр өңірі үшін маңызы зор. Бүгінде мұнда 6 түрлі өнім дайындалады. Жоғарғы сапалы химреагенттер қара алтынның құрамын бөгде қоспалардан тазартуға арналған.

Ақан Бәйділдаев, химреагент зауыты директорының орынбасары
– Күнделікті 15-20 тонна шығарып жатырмыз. Тапсырысқа байланысты бұл өндірісті екі есе арттыруға болады, 30-40 тоннаға дейін. Қазіргі уақытта біздер Атырау, Ақтау, Орал қалаларында келісім-шартқа отырғалы жатырмыз.

Компанияның заманауи технологиясы барлық тапсырыстарды сапалы әрі уақытылы орындауға мүмкіндік ашты. Сонымен қатар өндірістің экологияға әсері де ескерусіз қалмаған. Бұл тұрғыда мамандар жүргізген зерттеулер нәтижесі оң бағаланып отыр.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз