Өзбекстан мен Қытай 23 млрд доллардың келісіміне қол қойды

51

0

Өзбекстан мен Қытай 23 млрд доллардың келісіміне қол қойдыӨзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың Қытайға сапары барысында жалпы құны 23 миллиард АҚШ доллары болатын екіжақты 105 құжатқа қол қойылған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, энергетика, мұнай өндіру, электр станцияларын, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салаларды модернизациялауға қатысты құжаттарға қол қойылған.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 13 мамырда Қытайға мемлекеттік сапармен барды. 14-15 мамырда ол Бейжіңде өтіп жатқан «Бір белдеу – бір жол» атты халықаралық форумға қатысып жатыр.
Қытай бүгінгі күні Өзбекстанның ең ірі серіктестерінің бірі. 2016 жылы екі ел арасында сауда байланысы 4,2 миллиард долларды құраған. Шавкат Мирзияев Бейжіңде 2017 жылы өзбек-қытай сауда байланысын 5 млрд долларға жеткіземіз деп мәлімдеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз