«Үздік» бастауыш ұйымдар анықталды

52

0

«Нұр Отан» партиясы биыл «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауын биыл үшінші рет өткізуде. Осы шараның аясында  «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалында жергілікті жерде атқарылған жұмыстар сараланып, үздіктер анықталды.
Байқауға партияның облыстағы 269 бастауыш ұйымдарынан аумақтық кезеңдерде іріктеліп, озып шыққан 21 БПҰ қатысты. Олар партиялық жобаларды жүзеге асыру, ішкі партиялық жұмыстарды жүргізу, жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, атқарған жұмыстарды БАҚ-тарда көрсету, ұйым жетекшісінің белсенділігін анықтау және жастармен жұмыс нәтижелерін сараптау секілді бағыттар бойынша сынға түсті.
«Облыста «Нұр Отан» партиясының 49 мыңнан астам мүшесі бар. Партия саясатын жергілікті жерде жүзеге асыру – бастауыш партия ұйымдарына жүктелген міндет. Бастауыш партия ұйымдары жергілікті жердегі игі бастамаларға қолдау көрсетіп, партия алдындағы мақсат – міндеттерді орындауға айрықша маңыз беріп отыр. Әлеуметтік маңызы бар партиялық жобалардың маңыздылығы, отбасылық құныдылықтарды насихаттау, бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған нақты істер жүзеге асуда» – деді байқаудың шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.
Байқауға қатысушылар жұмысын сарапқа салған комиссия мүшелері 100-ге дейін мүшесі бар ұйымдар арасында Жалағаш аудандық партия филиалына қарасты «Таң» бастауыш партия ұйымын,500-ге дейінгі санат арасында «Теміржол» партия филиалына қарасты «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» БПҰ,500-ден жоғары санат бойынша «Тұран»филиалының «Дарын» БПҰ бірінші орынға лайықты деп танып, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Жеңімпаз бастауыш ұйымдар Астана қаласында өтетін республикалық сынға қатысауға жолдама алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз