Үздік кәсіпкерлер марапатталды

54

0

Үздік кәсіпкерлер марапатталдыЖаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бизнес өкілдерімен кездесіп, облыстың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлесін қосып жүрген үздік кәсіпкерлерді марапаттады.

Аймақ басшысы жылды жемісті аяқтаған кәсіпкерлерді табыстарымен құттықтап, бизнес пен билік арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізіне қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз еткен «Шиелі тас Оңтүстік» ЖШС директоры Ермек Хасанаев, өңіріміздің агроөнеркәсіп саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Сәкен Әбенов, және «Кәсіпкер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Әшімов Қызылорда облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Сондай-ақ, еліміздің кәсіпкерлік саласын дамытуда өз үлесін қосып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып жүрген кәсіпкерлер облысы әкімінің «Алғыс хатын» иеленді.
Марапатталғандар атынан сөз алған «Шиелі тас Оңтүстік» ЖШС директоры Ермек Хасанаев аймақ басшысына еңбектерінің бағаланғаны үшін алғыс айтып, өңірді өркендету жолында еңбек ете беретіндерін айтты.
Жиын соңында облыс әкімі кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселер жайын талқылап, пікір алмасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз