Үздік әлеуметтік жобалар

83

0

Үздік әлеуметтік жобаларӨңірлік коммуникациялар орталығында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Есқараева «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесінің нәтижелерін жариялады.
Шымкент қаласында өткен көрмеге  республика бойынша іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 32 әлеуметтік жоба, Қызылорда облысынан 2 әлеуметтік жоба қатысты.
Көрме мүгедектер мен жасы ұлғайған адамдардың өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау үшін 3 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.  Осы уақыт ішінде біздің өңірден 6 әлеуметтік жоба іріктеу комиссиясының назарына ұсынылып, үздік танылған. Елімізде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы 250 мыңнан астам адамға нақты көмек көрсетілген.  
Біздің аймақтан қатысқан 2 жобаның да маңызы ерекше. «Қанат» dr. Темірқұлов мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығы» физикалық және психикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіп келеді.  Ал «Арал өңірі халқының денсаулығын қорғау» қоғамдық бірлестігі экологиялық факторлар салдарынан пайда болған аурулар картасын әзірледі. Картада жиналған ақпараттар мен талдаулар экологияның халық денсаулығына кері әсерін анықтау мен алдын алуда маңызды роль атқарады.
Брифингке қатысқан «Қанат dr. Темірқұлов спорттық-сауықтыру орталығы» ҚБ төрағасы С.Темірқұлов, «Арал өңірі халқының денсаулығын қорғау» ҚБ төрағасы С.Сейітов жобаларды жүзеге асырудағы қол жеткен табыстары туралы айтып берді. 
М.МЕРЕЙ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз