Үздік мұғалімдер 1000 доллардан алды

40

0

Қызылорда. Жаңа жыл қарсаңындағы қорытынды салтанатты шарада қала ұстаздарына құрмет көрсетілді.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев  №136 мектеп-лицейдің директоры  Қайыркүл  Әбдиеваға білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін тақты. Сондай-ақ, қала әкімінің білім беру саласы қызметкерлеріне тағайындаған сыйақысы (150 мың теңгеден) бір топ ұстаздарға табыс етілді. Олардың қатарында  №1 мектеп-гимназияның бастауыш пән мұғалімі Мөлдір Өміралиева, марапатталады. №5 мектеп –лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Баймырзаева, №9 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Палмағанбетова, №10 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі Гүлшара Полуванова, №23 мектеп-лицейдің қазақ тілі пәні мұғалімі Ләззат Пркауова, №136 мектеп-лицейдің биология пәні мұғалімі Роза Жадиева, №235 мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Райхан Наукеев, № 4 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Күлдара Төлегенова, № 136 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Венера Жанұзақова, қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының вокал студиясының жетекшісі  Ұлболсын Жаналиева бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз