«Үздік мейірбике -2017» конкурсы өтті

100

0

«Үздік мейірбике -2017» конкурсы өтті Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 12 мамыр -Халықаралық мейірбикелер күніне орай, «Үздік мейірбике -2017» конкурсы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Кәсіби конкурсқа 10 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты бар мейірбикелер қатысты. Мейірбикелер екі кезеңдік байқауға қатысты. І кезең бойынша барлығы мейірбике қатысып, үздік 8 мейірбике ІІ кезеңге өтті. ІІ кезең бойынша, конкурсанттар өздерін таныстыра отырып, ситуациялық есептер мен практикалық дағдылар бойынша кәсібилігін көрсетті.   Конкурс қорытындысы бойынша І орынды  облыстық медицина орталығының кардиореабилитация бөлімінің мейірбикесі Жанар Байұлова, ІІ орынды  қалалық №6 емханасының күндізгі стационар мейірбикесі Замира Әукенова, ал ІІІ орынды облыстық онкология орталығының мейірбикесі Маржан Әшімова мен теміржол ауруханасының әйелдер бөлімінің мейірбикесі Дана Бисембаева иеленді. Жүлдегерлерге «Денсаулық» шипажайына тегін және жеңілдетілген жолдамалар берілді.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз