Үздік оқушылар сайысқа түсті

42

0

Үздік оқушылар сайысқа түстіШиелі. Ауданда физикадан 45-ші халықаралық олимпиадасы, PISA-2015, TIMSS-2015 халықаралық зерттеулері қарсаңындағы онкүндікте 2014 жылдың 7-17 сәуір аралағында іс-шаралар өткізілді. 
Алдымен «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» тақырыбында білім сайысы өткізілсе, одан кейін қатысушылар «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» тақырыбында тест тапсырмаларын орындады. Шара соңында оқушылар «Тұрмыстық қалдықтарға қайта өмір сыйлау» тақырыбындағы жобаларын қорғады. Барлық бөлім бойынша жоғары бағаланған үздік оқушылардың жұмыстары марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз