Үздік педагог атанды

64

0

Үздік педагог атанды

Жалағаш. Ауданның М.Шәменов атындағы ауылындағы №34 Ә.Бердәулетов атындағы орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұсаева Сәбира жақында
республикалық «Үздік педагог-2013» конкурсының жеңімпазы атанды.

Аталмыш байқауға республикамыз бойынша 5 мыңнан астам мұғалім қатысқан.
Олардың арасынан 165 мұғалім іріктеліп алынған. Сол ұстаздар ішінен 48-і
конкурс жеңімпазына лайықты деп саналды. Еліміздің білім және ғылым министрі
Аслан Сәрінжіпов «Білім беру ұйымдарының үздік педагогы» төсбелгісін
жеңімпаздарға табыс етті.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз