Үздік полиция инспекторлары анықталды

58

0

Үздік полиция инспекторлары анықталдыПолиция қызметкерлерінің, оның ішінде учаскелік полиция инспекторларының имиджін көтеру мақсатында Қызылорда облысы көлемінде «Үздік маман» байқауы өткізілді.    
Аталған байқауға облыс бойынша 9 қызметкер, оның ішінде 7-уі  аудандардан, 2-уі Қызылорда қаласының  ішкі істер басқармасынан қатысты.  
Байқау барысында учаскелік полиция инспекторлары спорттық бағдарламадан,  Макаров тапаншасын атудан сайысқа түсіп, Қазақстан Республикасы Заңдарынан сынақ тапсырды.  Байқау жеңімпазын анықтауда учаскелік полиция инспекторларының әкімшілік аймағындағы орын алған қылмыстар мен жұмыс көрсеткіштері  де ескерілді. 
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқау жеңімпазын департамент басшылығынан арнайы құрылған комиссия белгіледі. «Үздік маман» байқауында Шиелі АІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Исабек Дархан бірінші орынға ие болып, 300000 теңге ақшалай сыйақы және қызмет бабында пайдалану үшін ноутбукпен марапатталды.  Осы байқау қорытындысымен екінші орынға ие болған Қызылорда ҚІІБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Мұстафаев Табиғатқа 200000 теңге ақшалай сыйақы және компьютер сыйға тартылды. Үшінші орын иегері Жалағаш АІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Бекетов Жасұланға көшіру-көбейту құралы мен 100000 теңге сыйақы берілді.   
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз