Үздік спортшылар марапатталды

53

0

Үздік спортшылар марапатталдыЖыл қорытындысы бойынша жылдың үздік спорт¬шылары, үздік жаттықтырушылар, спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен танылған қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы – Илья Ильин, дзюдодан жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы – Бауыржан Жауынтаев, ауыр атлетикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері – Алмас Өтешовтер «Жылдың үздік спортшылары» атанды.
«Жылдың үздік жаттықтырушысы» деген мәртебелі атаққа ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тойшан Бектемиров, Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың дзюдо бөлімшесінің жаттықтырушысы Қален Қалиұлы және «Сейхун-КАМ» гандбол спорт клубының жаттықтырушысы Ким Вячеслав лайық деп танылды.
Сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қоюда жақсы жұмысымен тବныл¬ған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен спорт мектептері марапатталды. Атап айтсақ, Қызылорда қаласы бірінші орынды иеленсе, Жаңақорған ауданы екінші, Сырдария ауданы үшінші орынды жеңіп алды.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасында №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі бірінші орынды, №2 облыстық мамандандырылған балалар -жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі екінші орынды, №5 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі үшінші орынды еншіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз