Үздік құтқарушылар мен өрт сөндірушілер марапатталды

55

0

Үздік құтқарушылар мен өрт сөндірушілер марапатталдыҚызылордада Қазақстанның Тәуелсіздік күні құрметіне арналған салтанатты шарада ТЖД-ның үздік қызметкерлері алғыс хаттармен және ведомстволық белгілермен марапатталды.

«Биылғы жылы біз ел Тәуелсіздігінің 23 жылдығын атап өтеміз, – деді облыстық ТЖД бастығы Сағынбек Өмірзақов құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді құттықтай келе. – Қазақстан тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық, біздің көпұлтты еліміздің мақтаныш символы. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың, еркіндік пен жақсы өмір сүрудің кепілі».

«Біз халық өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып келеміз. Және оны мақтан тұтамыз», – деп толықтырды ол.

Азаматтардың өмірі мен мүлкін құтқару кезінде көзге түскен қызметкерлер ТЖ комитеті мен ҚР ІІМ ТЖК департаменті атынан алғыс хат пен кеуде белгісін алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз