Үздік жас архивист анықталды

49

0

Үздік жас архивист анықталдыОблыстың «Жас архивистер» кеңесінің ұйымдастыруымен бүгін Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада «Үздік жас архивист» байқауы өтті. 
Оған 9 мекемеден жасы 35-ке толмаған 12 маман қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті. Үміткерлер көрерменге өздерін таныстырып, теориялық, практикалық деңгейлерін көрсетіп, шығармашылық тапсырмалар орындады. Қазылар алқасының шешімімен Қызылорда облыстық мемлекеттік архивінің маманы Ақгүл Бекмағамбетова бас жүлдені иеленіп, «Үздік жас архивист» атанды. 
І орынға облыстың қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік архивінің қызметкері Ғалымжан Наурызбаев лайық деп танылса, Қазалы ауданынан келген Нұрлан Нұржаубаев пен жаңақорғандық Еркін Жаңабеков кейінгі екі орынды бөлісті. Одан бөлек, әртүрлі номинация иегерлері анықталды. Марапат биігінен көрінгендерге естелік сыйлықтар табысталды. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз