Зергерлік бұйымдар көрмесі

134

0

Зергерлік бұйымдар көрмесі

Облыстық тарихи-өлкетану музейі бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залында «Сыр өңірінің зергерлік өнері» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
– Шараны ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында және шығыс халықтары үшін жыл басы саналатын Наурыз мейрамы аясында өткізіп отырмыз. Біз мұнда қордағы 2 мыңнан астам зергерлік бұйымның 60-тан астамын әкелдік. Келушілер өте нәзік әрі күрделі өнер туындыларын тамашалай алады, – деді музей директорының орынбасары Жанат Ахметова. 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырға тиесілі зергерлік өнімдерді жасау үшін зергерлер күмісті, ақық, көгілдік ақық, маржан, інжу сияқты асыл тастарды көбірек қолданған. Көрмеде кемер белдік, алқа, бойтұмар, сырға, білезік, балдақ, жүзік, қапсырма, шолпы, өңіржиек және тағы басқа бұйымдар назарға ұсынылды. Әсіресе, әйелдерге арналған әшекейлер көз тартады. Университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ибадулла Тәутенов облыстық музей ұжымымен байланыс бұдан әрі беки түсетінін жеткізді. Көрме 18 наурызға дейін жалғасады. 
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз