ӨЗГЕ ЕЛ АЗАМАТТЫҒЫНАН БАС ТАРТҚАН ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫ

56

0

Үлкен спортқа енді ғана аяқ басып, тәжіирбе жинау кезеңінде
көптеген спортшылар бапкердің талаптарынан шыға бермейді. Жас спортшылар
көбінесе өз мықтылығын кеш танытып жатады. Енді біреулері өзге елдің
азаматтығын алып, әлемдік жарыстарда мықтылығын дәлелдеп жатады. Ал енді
біреулері өз елінің намысын әлемдік сындарда абыроймен қорғап, өзге
мемлекеттен ұсыныс түскен жағдайда бас тартып жатады. Бүгін басқа ел
ұсынысынан бас тартқан қазақстандық атлеттер туралы сөз етпекпіз.

Зарина Дияс

ЗАРИНА ДИЯС

Қазақ теннисінің қазіргі
белді өкілдерінің бірі Зарина Дияс соңғы жылдары халықаралық жарыстарда
көзге түсіп жүр. Алматыда туылып, 4 жасында ата-аналарының жұмысына
байланысты Чехия мемлекетініне көшіп кеткен. Тенниспен де алғаш рет осы
мемлекетте айналысты. Кейінірек халықаралық жарыстарға Қазақстан атынан
сынға түсті. Зарина Дияс қазақ жанкүйерлеріне алғаш рет Президент
кубогында көрінді. Дияс ол уақытта небәрі 16 жаста еді. Дияс WTA
жарыстарына қатысып жүріп, үлкен дулыға бәсекелеріне де қатысты. Жаттығу
жұмыстарын Қытай мемлекетінде жасайтын талантты спортшыға бір емес
бірнеше мемлекеттен ұсыныс түскенін өзі жасырмады. Чехия мемлекетінде
өсіп-жетілгендіктен осы елдің өкілдері Заринаға азаматтық алу туралы
ұсыныс жасаған. Бірақ Зарина туған елінің атынан сынға түсуді жөн
санады.

Элизабет Тұрсынбаева

ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА

Мәнерлеп сырғанаудан соңғы
жылдары Қазақстан қыздарының ішінен Элизабет Тұрсынбаева жаста болса көп
жетістікке жетіп жүр. 2000 жылы Мәскеуде туылған талантты спортшы
биылдан бастап ересектер арасындағы жарыстарға да шығып жүр. Болашағынан
зор үміт күттіретін Елизабетта жаттығу жұмыстарын Америкада жасайды.
Небәрі 15 жасар талантты қыз, былтыр ересектер арасында алғаш рет
Канадада өткен гран-при жарысында үздік шықты. Ал оған дейін
жасөспірімдер арасында төрт рет халықаралық жарыстарда топ жарған.
Спортшыға қызығушылық танытып, өзге мемелекеттің азаматтығын ұсынғандар
да болды. Тұрсынбаева ол ұсыныстардан бас тартып, Қазақстан атынан сынға
түсіп жүр.

Юлия Галышева

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА

Фристайлдан (могул) 2011
жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2015 жылы өткен Универсияда жеңімпазы
және 2015 жылы Германияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері
қазақстандық спортшы Юлия Галышевада басқа мемлекеттен ұсыныс
алғандардың тізімінде. Өскеменде туылған 23 жасар талантты
фристайлшы қысқы спорт түрлерінен әлем чемпионатында медаль алған
санаулы қазақстандық спортшының қатарына енеді. Соңғы жылдардағы табысы
оны әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік берді. 2012 жылы Италияда өткен
жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған сәттен бастап оған
басқа елден ұсыныс түскен. Оның айтуынша Канада мен АҚШ елдері өз
қатарларына алу туралы ұсыныс жасаған. Алайда Юлияда спорттық карьерасын
Қазақстанда өткіземін деп шешкен.

Илья Ильин

ИЛЬЯ ИЛЬИН

Қазақ ауыр атлетикасында
ғана емес әлемдік деңгейде «жеңілмейтін» спортшы атанған Ильиннің жүлде
қорында барлық медаль бар. Екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін
әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы өзінің сұхбатында өзге
мемлекеттен ұсыныс түскенін айтқан. Спортшы Қазақстан атынан ғана
жарыстарға қатысқы келетінін жеткізген.

Алексей Полторанин

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН

Әлем чемпионатының екі
дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының, Әлем кубогының  және Тур де Ски
жарысының төрт дүркін жеңімпазы Қазақстандағы табысты спортшылардың
қатарына кіреді. 29 жасар Өскемен қаласының тумасына Әлем чемпионатынан
кейін бірнеше елден ұсыныс түскен. Дегенмен спортшы бұл ұсыныстарды
қабылдамады.

Олжас Сәттібаев (қызыл формада) Қазақстан чемпионаты атанды
Олжас Сәттібаев (қызыл формада) Қазақстан чемпионаты атанды

ОЛЖАС СӘТТІБАЕВ

2009 жылы Қытайда өткен
Азия чемпионатының жеңімпазы Олжас Сәттібаев та бұл тізімге кіреді. Азия
чемпионатынан кейін құрамадағы бәсекелестік күшейе түсті. Сәттібаев
бірнеше рет құрама тізіміне енбей қалған еді. Бұл жағдайдан хабардар
басқа да мемлекеттер оны өз қатарына қосқысы келді. Алайда боксшы өзге
елдерден түскен ұсынысты қарастырмайтынын айтқан. Одан кейін боксшы
«Астана Арланс» клубымен Бүкіләлемдік бокс сериясында чемпион атанды.
Дереккөз: «Аламан«
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз