Өзге ұлт өкілдері арасында \»Абай оқулары\» байқауы өтті

140

0

Өзге ұлт өкілдері арасында "Абай оқулары" байқауы өттіЖуырда Қызылорда қаласында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ…» атты облыстық Абай оқуларының байқауы өткізілді.
Абай шығармаларын оқу арқылы көркемсөз шеберлігін, тіл мәдениетін шыңдау бағытында өткен байқауға әрбір ауданнан, Қызылорда қаласынан іріктелген талапкерлер бақ сынады. Байқау шартына сәйкес өзге ұлт өкілдері Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, «Абай жолы» романынанүзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындаудан және Абайдың әндерін орындаудан тартысқа түсті.
Қазылар алқасы талапкерлердің көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне, ән орындау шеберлігіне, сахналық өнер көрсету мәдениетіне баса назар аударды.
Нәтижесінде Қазалы ауданынан қатысқан М.Горький атындағы №16 мектептің 11 сынып оқушысы Дильшат Шадымұратова жүлделі ІІІ орынға табан тіреді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз