
– Кездесуде тарихымыздан жақсы белгілі қазақ жерінде топтасқан халықтар ешқашан бірін-бірі алаламағанын, тіпті қиын замандарда да бірлесіп, бірлік пен достықты сақтап қалу дәстүрін лайықты жалғастыру бұл біздің парызымыз деді, – аудан әкімі. Қабылдауда болған өзге ұлт өкілдері бұл бас қосу алдағы уақытта да жиі болып тұрса деп өз тілектерін білдіріп, зейнеткерлер атынан алғыстарын жеткізді. Кездесуге келген өзге ұлт өкілдеріне сый-сияпат құрмет көрсетіліп, мерекелік шағын концерт ұйымдастырылды.