Өзге тілдің бәрін біл

59

0

Өзге тілдің бәрін білОсы аптада үш тілде білім беретін, мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінде «ABC party» шарасы өтті. 
2 сынып оқушыларының қатысуымен өткен шарада балалар ағылшын тіліне деген қызығушылығының жоғары екенін байқатты. Өзге тілде тақпақ оқып, көңілді әндер орындады. Ойлау қабілетінің дамуына ықпал ететін ойындар да ұйымдастырылды. Ағылшын тілі бойынша мектеп директорының орынбасары Балдырған Баймағанбетованың айтуынша, мектепте мұндай шара жиі қолға алынады. Себебі ол оқушының ынта-жігерін арттырып, үш тілде жетілуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашып, ғылым құпияларына үңілуге, өз қабілетін танытуына мүмкіндік береді.
Мөлдір СНАДИН.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз