Жаңа қала – менің қиялымда

82

0

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар еңбек жасағының қызметін дамытуға әлеуметтік қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының ұйымдастыруымен «Жаңа қала – менің қиялымда!» тақырыбында жастар арасында суретшілер байқауы өткізілді.
Аталмыш байқауға 14-29 жас аралығындағы 17 жас суретші қатысып,өз бақтарын сынады. Ұзаққа созылған тартысты байқауда қатысушылар өз қиялдарын өнеріне ұштастыра отырып,керемет туындылар салып бітірді.
Ұйымдастырушылар тағайындаған қазылар алқасының шешіміне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазылар алқасының шешімімен қиялы ұшқыр болған 5 қатысушы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталса, ал жүлделі 1 орын және 15 мың қаржылай сыйақымен «Қорқыт-ата»атындағы ҚМУ студенті Ботагөз Мәлікназарова, 2 орын яғни10 мын қаржылай сыйақымен «Құрылыс және бизнес» колледжінің студенті Элвин Першин, 3 орын, 5 мын қаржылай сыйақымен «Абылайхан» колледжінің студенті Асылхан Әбілда марапатталды. Сайыс соңында байқауға қатысқан барлық қатысушылар мен жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз