Жаңа балабақша ашылды

52

0

Жаңа балабақша ашылдыБүгін Сырдария ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин елді мекенінде жаңа
балабақша ғимараты ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлады аудандық
әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Ауыл тұрғындарын зор қуанышқа бөлеген
жаңа балабақша ғимаратының ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясының
облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Байқадамов,
облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы қатысып, көпшілікті жаңа
нысанның ашылуымен құттықтады.

– Бала тәрбиесінде, оларды үлкен өмірге дайындауда
балабақшаның рөлізор. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес,
елімізде 3-6 жас аралығында бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін мектепке
дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бұл өзекті мәселе
біздің өңірімізде мерзімінен бұрын шешіліп отыр. Бүгін жаңа балабақша
ғимаратының ашылуына куә болып отырмыз. Қуаныштарыңыз құтты болсын! –
деген Р.Кенжеханұлы балабақшаға облыс әкімдігі атынан музыкалық
орталықты сыйға тартты.
Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын іске
асыру мақсатында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының тапсырмасымен
жергілікті бюджеттен 251 млн. теңге қаржы бөлініп, 90 орындық жаңа
балабақша ғимараты бой көтерді. Балалардың сүйікті мекені аудандық
бюджет есебінен салынды. Бұл ерекше атап өтерлік оқиға. Құрылыс жұмысын
«ЭнергияҚұрылыс» компаниясы сапалы жүргізді.
Жаңа балабақшаның ашылу салтанатында ауылдың ардагер-ұстазы Қаламқас Молдаш құттықтау тілегін білдірді.
Жаңа ғимараттың лентасын облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы
бастаған ауыл ардагерлері салтанатты жағдайда қиып, балабақшаны аралап
көрді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз