Жаңа кәсіпорын іске қосылды

45

0

Шиелі. Аудан орталығында күріш ақтайтын шағын зауыт іске қосылды. Бұл өндіріс орнын кәсіпкер Досжан Тұрлыбаев іске қосты.
Кәсіпорынның өзгелерден артықшылығы бар. Өндірілген өнім 8 секциядан өткізіліп, әбден тазартылады. Осының нәтижесінде өнім сапалы болып шығады. Қазіргі таңда онда 6 адам еңбек етіп, нәпақасын тауып келеді. Зауытта күніге 25 тонна қара күріш ақталады. Қажетті құрал-жабдықтар Қытайдан жеткізілген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз