Жаңа сайт ашылды

72

0

Жаңа сайт ашылды«Қазір мемлекеттік қызметке қызығушылар күн сайын артып келеді. Дегенмен, өкінішке орай, көбісі Заңнамаларды білуге арналған тестілеуден құлап жатады. Қазір облысымызда бұл көрсеткіш небәрі 40 пайызды құрап отыр. Сондықтан, мемқызметке ынталы жандарға көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, госуслуга, сыбайлас жемқорлық саласындағы маңызды ақпараттарды топтастыру мақсатында «Ordakyzmet.kz» деген сайтты ашып отырмыз», – деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы өзінің әлеуметтік парақшасында. – Қазіргі уақытта «Онлайн тестілеу» функциясы жұмыс жасап тұр,. Алдағы уақытта сайтты одан ары жетілдіріп отыруға тырысамын».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз