
Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазалы тынысы» ЖШС техникалық базасын нығайту мақсатында бірқатар көліктер жеткізілді. Олардың қатарында КаМАЗ самосвалы (11 млн. теңге), «Hidromek» маркалы экскаватор-жүк артқыш (18 600,0 мың теңге), DONG «FENG CLW5040JGKZ3» маркалы автовышка (7800,0 мың теңге) бар. Барлығына 37 400,0 мың теңгеге жұмсалды. КаМАЗ самосвалы құм төгіп, тас тасиды,экскаватор-жүк артқыш каналдарды тазалайды, автовышка көшедегі жарық шамдарды, баннерлерді іледі. Қазіргі таңда аталмыш техникалар қажетті мақсатқа пайдаланылуда.