
Жаңа пәтерлердi тапсыру салтанатында аудан әкiмi С. Сермағамбетов салтанатты шараға жиналғандар алдында «Қолжетiмдi тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Пәтер иелерiне кiлттерiн тапсырып, заман талабына сай салынған үйлердiң игiлiгiн көрулерiне тiлектестiгiн бiлдiрдi. Кент ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Б. Көштаев құттықтау сөз сөйлеп батасын бердi. Пәтер иелерi Ж. Бақтиярова, Ә. Мұсаханова мемлекеттiк бағдарлама аясында тұрғын үйлер салып, жаңа баспанамен қамтамасыз еткенi үшiн ризашылықтарын бiлдiрдi.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!