Жаңа қызметіне сәттілік тіледі

50

0

Жаңа қызметіне сәттілік тіледіБүгін облыс әкімдігінде Бауыржан Өмірзақұлы Күренкеевті жаңа қызметке ресми шығарып салуға арналған актив отырысы өтті. 
Ол ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлер қолбасшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
– 66597 әскери бөлімі құрылғаннан бастап өзіңіздің кәсіби біліктілігіңізді барынша көрсете отырып, жергілікті құзырлы органдармен тығыз байланыс орната білдіңіз. Мұнда қызмет еткен уақыттан бері әскери бөлімге кәсіби көзқарас қалыптастырдыңыз. Алдағы уақытта кезекті генерал шенін алуға тілектеспіз. Ендігі кезекте, Бауыржан Өмірзақұлы, алдағы атқарар қызметіңізге табыс, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деген аймақ басшысы Қ.Көшербаев оған зор еңбегі үшін облыс әкімдігі және облыстық мәслихат атынан «Құрмет грамотасымен» марапаттады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз