Жаңа жылдың ең қажетсіз сыйлықтары қандай

49

0

Интернет сауда саласындағы жетекші компаниялардың бірі – eBay платформасы қажетсіз сыйлықтардың ондығын жариялады. Ұлыбританияда ондай заттар қайта сатылымға жиі шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Жыл сайын 29  желтоқсанда британдықтар өздеріне ұнамаған сыйлықтарды желіге шығарып, жаңа жылдың алдында сатып жіберуге тырысады. eBay есебіне сәйкес, ондай сыйлықтардың саны 80 млн-ға жетті. Ал қажетсіз сыйлықтардың жалпы соммасы 1 млрд долларды құрап отыр. Осы санаттағы заттардың ондығы да жасалды. Осылайша, ең қажетсіз сыйлықтардың тізімінде Blu-ray мен DVD-дискілер бірінші орында тұр.
Одан кейін вазалар мен шамдар сияқты интерьер заттары, құрал-саймандар, смартфондар, жиһаз, әйелдердің сөмкелері, тұрмыстық техника, ерлер мен әйелдердің аяқ киімдері келеді. Ең соңғы орында – парфюмерия.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз