Жағалы тон 192 мың долларға сатылған

65

0

Жағалы тон 192 мың долларға сатылған «Титаник» апатқа ұшырағанда, аман қалған жолаушылардың бірінің тоны 192 мың долларға сатылды.
Британ аукционында жұртшылықтың қызығушылығын тудырған жағалы сырт киім – апаттан аман қалған «Титаниктің» жолаушысы Мэйбел Беннетке тиесілі болып шықты.
Қозының терісінен жасалған бағалы киімді үстіне жамылып,  соның арқасында суықтан тоңбай, аман қалған екен. Содан жолаушы ұзақ өмір сүріп, 1974 жылы 96 жасында өмірден өткен. Оның ағайын-туысы мен артынан қалған ұрпақғы Мэйбел Беннеттің тонын 1999 жылға дейін сақтап келген. Енді 20 жылдан кейін тонды ағылшындар қайтадан сатып алды. Сөйтіп, Мэйбел Беннеттің тоны 192 мың долларға сатылды.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз