
Бұл жөнінде бүгін облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы аудан активінің жиынын өткізіп, жаңа әкімді таныстырды.
Руслан Рүстемұлы Рүстемов 1968 жылы 13 желтоқсанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев ауылында дүниеге келген.
1995-1996 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы.
1996-1997 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының «Филология» оқу-ғылым кешені директорының орынбасары.
1997-1998 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің маманы, кеңесшісі, қала әкімінің баспасөз хатшысы.
1998-1999 жылдары қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, қала әкімі аппараты әлеуметтік-саяси мәселелер және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
1999-2002 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
2002-2007 жылдары Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары.
2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі.
2008-2010 жылдары Шиелі ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары.
2010-2011 жылдары «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы.
2011-2013 жылдары «Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы.
2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
2014 жылдың 2 шілдесінен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!