Жаңақорған ауданында оқу-жаттығу өткізілді

94

0

Жаңақорған ауданында оқу-жаттығу өткізілді. Оқу жаттығудың тақырыбы: «Қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою кезеңіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» болды.

Оқу-жаттығу штабының бастығы – Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Омаров   қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатындағы арнайы тактикалық оқу-жаттығу аясында 15 авариялық-құтқару құрылымдарын, яғни 221 адам мен 43 техникаларының  қатысуымен  саптық қарау жүргізілді.

Бөлім қызметкерлері кент, ауылдық округтің әкімдері мен азаматтық қорғау қызмет басшылары қыс мезгілінде жоспарланған жұмыстар туралы  айтты.

 

Жаңақорған ауданы    

Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері

               азаматтық қорғау лейтенанты      

         Н.Нысанбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз