Жаңақорғанда 100 жастан асқан 6 қария бар

39

0

Жаңақорғанда 100 жастан асқан 6 қария барЖаңақорған. Аудан бойынша ғасыр жасаған 6 ақжаулықты анамыз бар. Бүгін аудан әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев аналар мерекесі қарсаңында ғасыр жасаған қос әженің үйіне арнайы барып, сый-сияпат жасады. 
Төменарық ауылында тұратын Тұрғанай апамыз жүз жасаса да бүгінде жүрісі ширақ, аймақ басшысына алғысын білдіріп, мерекелік көңіл-күймен ән айтып берді. Еліміздің аман, бейбітшілік заман кешуіне ақ батасын берген апамыз сөз арасында әкімге «кигізген көйлегің болсын, көшемізді жөндеп бер» деген, бұйымтайында жасырып қалмады. Мұнан кейін аудан әкімі қожамберділік Ақжарқын Тұрсынбекова әжеміздің шаңырағында болды. «Алтын алқа» иегері, ғасыр жасаған ардақты анамыз сол бір замандардағы қиын-қыстау кезеңде ел үшін жасаған ерен еңбектерін есіне түсіріп, «Мәңгілік ел» болу жолындағы игі істерге ізгі ниетін жеткізіп, «сендерде 100 жасаңдар» деген алғаусыз ақ батасын берді» дейді аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Жадыра Ерсінбек. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз