Жаңақорғанда 16 Ұлы Отан соғысы ардагері тұрады

46

0

Жаңақорғанда 16 Ұлы Отан соғысы ардагері тұрадыЖаңақорған ауданында Жеңіс күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөнінде арнайы іс- шаралар жоспары әзірленіп, аудан әкімімен бекітілген. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес бүгінде ауданда ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің, олардың жесірлерінің, оған теңестірілгендер мен тыл ардагерлерінің тізімдері нақтыланып, әлеуметтік картасы жасақталған. 
Қазіргі таңда аудан бойынша 16 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, 16 қажырлы еңбегімен марапатталған тыл ардагерлері, 502 тыл ардагерлері, 49 Ауған ардагері, 23 Чернобыль ардагері, 25 әскери міндетін өтеу кезінде мүгедек болған азаматтар есепте тұр. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 69 жылдық мерекесі қарсаңында, біржолғы материалдық көмекке яғни, 2014 жылға облыстық бюджеттен 27 375,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 10 426 мың теңге қаржы бөлініп, төленді. Одан өзге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мүгедектеріне 16 адамға сауықтыруға 1185,3 мың теңге, 16 ардагерге коммуналдық шығындарын өтеуге 1185,3 мың теңге қаржы қарастырылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз